Жараланған құсты Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғындары көрген. Аққу бірнеше күн бойы Абай платинасында суда отырған. Оқиғаға бей-жәй қарамаған куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ қызметкерлері аққуды ұстап алып, оған құтқару жейдесін кигізіп, төтенше жағдай бөліміне жеткізді. Аққуды жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлері алып кетеді.
"Біз үшін әр өмір маңызды", - дейді ТЖМ қызметкерлері.