08 шіл, 2021 сағат 13:15

Тыйым салынған жерде шомылғаны үшін қанша айыппұл салынады?


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бөлімінің бастығы Азамат Садықов әкімдіктің ақпарат алаңында өткен брифингіде орталық су пайдалану қаиғдаттарын бұзудың қандай әкімшілік салдары бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Полиция департаменті тыйым салынған жерлерде шомылу, ауызсу және тұрмыстық қажеттілікке су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу сияқты орталық су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 364-бабы бойынша әкімшілік жаза көзделгенін ескертеді. Бірінші ретте әкімшілік ескерту түрінде жаза қолданылады. Бір жылдың ішінде қайталанса, жеке тұлғаларға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деді полиция департаментінің өкілі. 

Оның сөзінше, жыл басынан бері аталған құқық бұзушылық жасаған 168 тұлға әкімшілік жауапқа тартылған. 

«Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тыныштықты бұзбау, қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдік ішпеу, қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзбауға шақырамыз», - деді Азамат Садықов.