Тянь-Шань қоңыр аюы “Жоңғар Алатауы” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа түсіп қалды. Бұл видеоны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Тянь-Шань қоңыр аюы Халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1500-3500 метр биіктікте кездеседі.
Аюдың дене ұзындығы 1,5-2,2 метр аралығында, ал салмағы 135-200 кг дейін жетеді.