Фото: KazWast
Бүгін Мәжілісте тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару мәселесін талқылау барысында тұрмыстық қалдықтарға қатысты тарифтерді екі, тіпті он есе көтеруге ұсыныс болды деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Қаптама қалдықтарды әкетуге төмен тарифттер, салықтық преференциялардың болмауы, ӨҚМ бастамасы шеңберінде субсидиялаудың болмауы және қаптама қалдықтарын сұрыптау нәтижесінде алынған қайталама шикізат бағасының құбылмалылығы біздің бизнесті пайдасы төмен және тәуекелді етеді...
Қазіргі жағдай көптеген мекемелерінің өз қызметін тоқтатуына, қалалардағы қайталама шикізатты қабылдау пункттерінің жабылуына әкелді. Шыны ыдыс, картон және пластик сияқты қаптама түрлері аз сұрыптала бастады, оларды қайталама айналымға аз түсетін болды және бұл ресурстар полигонға көмуге жіберіледі. Сол себептен біздің еліміз миллиардтаған теңгені «көміп» жатыр!" -деп отыр «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығы басқарма торағасы Шынболат Байқұлов.
Маманның сөзінше,қазіргі уақытта жұмысшылардың жалақысы, арнайы техникаларды жөндеу сияқты шығындарды есептегенде тариф адам басына 1000-1500 теңге болуы керек. Сондай ақ корпоративтік коммерциялық емес қорлар түрінде үш ӨКМ операторын құру қажет деп санайды.
"Қалдықтарды қайта өңдеу саласын қолдау мен ынталандыруды ескі "ӨКМ операторы" белсенді қызмет көрсеткен болатын. 2021 жылдың қаңтарынан бастап біз бұл жұмысты РОП-тың жаңа операторы - "Жасыл Даму" АҚ жалғастырады деп үміттендiк. Алайда, біздің үмітіміз орындалмады. "Жасыл Даму" 2 жыл өткеннен кейін ғана сала кәсіпорындарынан субсидия төлеу түрінде ынталандыруға өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл процесс қалай жүретінін уақыт көрсетеді", -деп айтты Шынболат Байқұлов.
Елімізде шамамен 5 млн тонна қаптама қалдықтар пайда болады екен және оның бестен бір бөлігі ған сұрыпталады және өңделетін көрінеді. Шынболат Байқұловтың пікірінше барлық құрылыс салушылар мен меншік иелерін құрылыс қалдықтарын заңнамалық деңгейде тек мамандандырылған компаниялар мен полигондарға тапсыруға міндеттеу қажет екенін айтып отыр.
"Құрылыс қалдықтары бойынша есебінсіз құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдамау қажет. Полигонға қабылданған және пайда болған құрылыс қалдықтарын салыстырып тексеру керек", -деп мәлімдеді «KazWaste» басқарма торағасы.