27 қыр, 2021 сағат 13:10

Түркияның жүк тасымалдаушы ұшағы апатты жағдайда Алматы әуежайына қонды


Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлім етті. 

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.