16 қаз, 2024 сағат 16:39

Түркияның үш провинциясында жер сілкінді

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікайдың хабарына қарағанда, тиісті ведомстволар тексеріс жұмыстарын бастап кеткен.

Айта кетейік, Малатия – 2023 жылдың ақпанында жойқын жер сілкінісі болған түрік провинцияларының бірі. Салдарынан 11 провинцияда 50 783 адам қайтыс болған.