Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында фототұзақтар қар барысын түсірді, деп хабарлайды Ult.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін түрдің ұлттық парк аумағында бар екенін растайды.
Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының жоғары тиімділігін дәлелдейді.