21 қар, 2025 сағат 11:11

"Әйелдің жауы - әйел": Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанның фильмін сынып тастады (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанның фильмін сынап тастады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, Мөлдір Мұқанның жаңа шыққан фильмін оңбай сынға алды.

"Мөлдір Мұқанның подкастын көрдім. Подкасттан кейін киносын қарасам, подкасттан айтқан барлық нәрсе киноның ішінде бар. Мен байқаған минустар - актерлік құрам өте әлсіз. Танымайтын адамдар жүр. Мүмкін Мөлдірдің құрбылары шығар. Тек Ақерке Арыстың ғана тәжірбиесі бар. Сол ғана күлетін жерлерін алып шықты. Ешқандай юмор, сатира жоқ ішінде. Ішінде тек блогерлар жүр. Миллиард жинайтын кино үшін барлығы өте әлсіз. Тағы бір минус костюмердің жұмысы. Мұндай костюмдерді 10 жыл бұрын түсірген киноларда киген. Ол заман қазір өтіп кетті. Заманауи киноға бұл костюмдер жараспайды. Дубляж құлаққа жағымсыз. Бұл жерде продюсер, оператор, режисердің жұмысы, еңбегі бар. Кино бәсекелестікке келмейді. Әр дүниенің өзіндік бағасы бар. Келісесіз бе, келіспейсіз бе маған бәрібір", - дейді ол.


Алайда Бақыттың бұл пікірі желі қолданушыларының жаппай ашуын тудырды.

"Мөлдірді көре алмай ма, "Әйелдің жауы - әйел", "Соншама сынайтындай не көрінді", - деп жазды олар.