10 нау, 2021 сағат 19:57

Ердоған мен Путин "Аккую" АЭС-інің жаңа реакторын іске қосу рәсіміне қатысты

Сәрсенбі күні Түркияның Мерсин провинциясында «Аккую» Атом-электр станциясының үшінші энергоблогының фундаментін қалау рәсімі өтті. Оған видеоконференция режимінде Түркия және Ресей басшылары Режеп Тайып Эрдоған мен Владимир Путин қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Анадолы агенттігінің жазуынша, Түркияның Энергетика министрі Фатих Донмез «Аккую» АЭС жобасы Түркия Республикасы тарихындағы ең ірі энергетикалық жоба деп атады. Оның айтуынша, АЭС қызметі 60 жылға есептелген. Бұл, қоршаған ортаға залалды азайтуға және Түркияның электр энергиясына сұранысының 10 пайызын жабады. Жоба толық қуатына шыққанда АЭС-те 4 мың адам жұмыс істейтін болады. 

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Жерорта теңізінің жағалауынан орын тепкен «Аккую» АЭС-ін «Росатом» мемлекеттік корпорациясы салып жатыр. 

Ресей Президенті Росатом аталмыш АЭС құрылысында анағұрлым заманауи әрі сенімді технологияларды пайдалануда. «Бейбіт атом саласында мойындалған көшбасшы болып табылатын Росатом станция құрылысы барысында анағұрлым озық инженерлік шешімдерді, экономикалық тиімді және сенімді технологияларды қолданып отыр. Бұл ретте, қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттары мен табиғат қорғаудың ең қатаң талаптары сақталуды», - деді Путин.

РФ басшысының сөзінше, қазір құрылыс алаңындағы персонал саны 8 мыңнан асып жығылады. Олардың дені – түрік азаматтары. «Аккую АЭС-інде болашақ станцияның техникалық персоналын оқыту бойынша Росатом орталығы жұмыс істеп тұр. Ал ресейлік ЖОО-ларда Түркия үшін инженер-атомшылар даярлануда».

Еске салайық, Мерсин провинциясында «Аккую» АЭС-ін салу және оның эксплуатациясы бойынша ықпалдастық жөніндегі Ресей мен Түркия арасындағы үкіметаралық келісім 2010 жылы жасалған болатын. 

Атом-электр станциясы әрқайсысы 1200 МВт-ты құрайтын 4 энергоблоктан тұрады. 

1-энергоблогтың фундаменті Мерсин провинциясының Гюльнар аумағында 2018 жылдың 3 сәуірінде қаланды, ал екінші энергоблок – 2020 жылдың сәуірінде. 

Ал 3-энергоблоктың құрылысына лицензия өткен жылдың қараша айында берілген. 

«Аккую» АЭС «сал – иелік ет – эксплуатацияла» моделі бойынша іске асырылып жатқан әлемдік атом саласындағы алғашқы жоба. 

АЭС-тің 1-энергоблогын Түркия Республикасының 100 жылдығы атап өтілетін – 2023 жылы іске қосу жоспарланған. Қалған 3 блок 2026 жылға дейін арасына бір жыл салып, қызметіне кірісетін болады. 

«Аккую» атом-электр станциясы қоршаған ортаға зиянды парникті газдарды бөлмейді, шығарындылар мқлшері нөлге тең болады.