- Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия парламентінің шешімімен, 19 қаңтардан бастап, елдегі төтенше жағдай режімі тағы үш айға созылады.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың шілде айында мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң аталмыш елде ТЖ режімі енгізілген еді. Негізгі тәртіпсіздіктер Анкара мен Ыстанбұл қалаларында болды. Салдарынан 240 түрік азаматы мерт болып, 2 мыңнан астамы жараланды. Мыңдаған адам тұтқындалды. Түркия билігі әскери төңкерісті ұйымдастыруға оппозициялық діни уағызшы, 1999 жылдан бері Пенсильванияда тұратын Фетхуллах Гүленнің қатысы барын мәлімдеп, АҚШ-тан оны экстрадициялауды сұрады.