26 қыр, 2022 сағат 18:47

Түркия ДХР мен ЛХР-дың Ресейге қосылуын мойындаудан бас тартты


Түркия ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарын, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы өткен референдумға қатысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Токиодағы Жапон ұлттық баспасөз клубында сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкара ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуын мойындамайтынын айтты. Баспасөз мәслихатының трансляциясы оның Facebook-парақшасында көрсетілді.

"Біз Қырымның аннексиясын мойындамаймыз және бұл туралы Ресейге айтып жатырмыз. Біз Донецк, Луганск, Запорожье және Херсондағы референдумдарға алаңдаушылық білдірдік. Оларды мойындамайтынымызды айттық", - деді түрік СІМ басшысы.

Еске салайық, жұмада ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.