29 сәу, 2017 сағат 12:50

Түркия билігі "Уикипедияны" бұғаттап тастады

Түркия билігі "Уикипедия" интернет-энциклопедиясын бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Hurriyet ақпараттық технология және байланыс Кеңесінің шешіміне сілтеме жасап. 

"5651 заңға сәйкес, ақпараттық технология және байланыст Кеңесінің техникалық және заңнамалық бағасына сәйкес wikipedia.org сайты 29 сәуірден бастап шара қолданылады", - деп жазылған газетте. 

Мұндай шешімнің не себепті қабылданғаны айтылмаған.

Түркияда 5651-ші заңында былай делінген: "Интернет-таратылымдары және осы салада қылмысқа барғандарға қарсы реттеу". Осыған дейін, оппозиция бірнеше рет осы заңды сынға алды, себебі ол сөз бостандығына шектеу қояды және адамдардың ақпарат алуда құқығын шектейді екен. 

kaz.tengrinews.kz