Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайдан 15 бағытта рейстер қатынай бастады. Ал, «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытының билет құны – 8000 теңгеден басталады.
Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар:
1) «Түркістан - Ыстанбұл» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан - Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан - Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4) «Түркістан - Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
5) «Түркістан - Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
6) «Түркістан - Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7) «Түркістан - Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
8)«Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
9)«Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10)«Түркістан-Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11)«Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
12)«Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
13)«Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
14)«Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
15)«Түркістан-Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі).
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан және басқа да қосымшалардан білуге болады.