29 қар, 2024 сағат 21:53

Түркістандықтар түркиялық инвесторлармен келіссөз жүргізді

Фото: ernur.kz

 

Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу. Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы іссапарын Түркия мемлекетінде жалғастырды.

 

Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу. Алғашқы күндері Түркия мемлекетінің Ыстамбұл, Коджаэли қалаларының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесулер өтті. Түркиялық компания директорымен меморандумға қол қойылды.

 

Нақтырақ айтқанда, тараптар бояуға және гидрооқшаулауға арналған жалпы өнімдерді өңірде шығаруға келісімге келді. Іссапар барысында кондитер, шоколад және желатин өнімдерін өндіретін компания басшылығымен кездесулер өткізілуде.

 

Сондай-ақ трансформатор зауытына қажетті қондырғы жабдықтар шығару компаниясы өкілдігімен келіссөздер жүргізілді. Түркістандық делегацияның іссапары Түркия Республикасында ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен, жаңа өндірістік технологиялармен танысумен жалғасады. Келіссөздер жүргізіліп, тиімді келісімдер жасалады деп жоспарлануда.

 

Нәтижесінде, Түркістан өңіріне келетін шетелдік туристер саны көбейген. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған Түркістан облысының туристік әлеуеті көтеріліп келеді.

 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар – 210 мың адам.

 

Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген. Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды.

 

Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.

 

Түркістанда инфрақұрылыммен қамтылған ауылдар көбейіп жатыр . Екі жылда 187 мың тұрғын ( 91 елді мекен) табиғи газға қосылды. Түркістан облысындағы 2,1 млн тұрғын (2 млн. 97 мың адам) немесе халықтың 97,9% ауыз сумен қамтылған.

 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде, – деді ол.

Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын (2 млн. 97 мың адам) немесе халықтың 97,9%-ы ауыз сумен қамтылған (737 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6%-ға жетеді. Екі жылда 187 мың тұрғын ( 91 елді мекен) табиғи газға қосылды.

 

Бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.