06 жел, 2025 сағат 18:45

Түркістанда төбелескен шенеунік басқарма басшысы қызметінен босатылды


Kozachkov offside


Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті әлеуметтік желілерде резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің төбелесі бойынша тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Нәтижесінде, 5 желтоқсанда Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады.


"Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С. Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды", - делінген хабарламада.


Әдеп жөніндегі кеңес Жалықұл тарапынан болған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу дерегін анықтады.