19 шіл, 2021 сағат 15:52

Түркістанда көпірдек секірмек болған жас қыз құтқарылды


Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, 22 жастағы сіңлісі көпірден секірейін деп жатқаны туралы хабарламы берген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ПД сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Осы күні қызметте болған полиция лейтенанты жедел уәкіл Ерсұлтан Нұралыұлы биіктен секірмек болған әйелдің жанына жақындайды. Ол қызға күдік тудырмау үшін көпірге жасырын мініп, ту сыртынан келіп, көпірден бір аяғын шығарып ілініп тұрған қызды мықтап ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды», - делінген хабарламада. 

Тексеру барысында өзіне қол салмақ болған жас әйел жақын арада тұрмысқа шыққан. Белгілі болғандай, отбасылық кикілжіңнен соң суицид жасамақшы болған.