14 шіл, 2021 сағат 14:10

Түркістан облысында жүк көлігі көпір қоршауына соғылып, Қырғызстан азаматы көз жұмды


Түркістан облысында жүк көлігі көпір қоршауына соғылып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

13 шілде кешкі уақытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолында «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда қаласына қарай бет алып бара жатып, көпірдің қоршауына соқтығысты. 

Апат салдарынан автокөлік өртеніп кетті. 

Сондай-ақ алған жарақатынан жүк көлігінің жолаушысы, Қырғызстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды. 

Апат орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жетті. 

Жүк көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Сайрам АПБ-ға жеткізілді. 

Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда абай болуға шақырады.