06 нау, 2023 сағат 15:19

Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Фото: Polisia.kz Telegram-арнасы

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Арыз Бәйдібек ауданының ПБ-не 24 ақпанда түскен.

Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылды. Жоғалған адамның денесі 10 күннен соң су бетінен табылып, жағаға шығарылды. 

Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды" - делінген хабарламада.

Еске салайық, 24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғын жоғалып кеткен еді.