Фото: Ашық дереккөзден
Сейсмологтар Түркістан облысында жер сілкінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 9 желтоқсанда Астана уақытымен таңғы 8:24-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 балды құраған.