Фото: видеодан кадр
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Әлеуметтік желілердегі кадрларға қарағанда, бірнеше адам төбелескен. Олар бірін-бірі таяқпен, жұдырықпен ұрады және тепкілейді.
Видео авторының айтуынша, жаппай төбелес Атакент ауылында болған.
Полиция не дейді
Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.
"Түркістан облысының полициясы Мақтаарал ауданының ауылдарының бірінде жастардың бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр", - делінген хабарламада.