Фото: Polisia.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Ынталы ауылының 500-ге жуық үйі мен 3 200-ден астам тұрғыны алкоголь өнімдерінен толықтай бас тартқан. Тұрғындардың бастамасын қолдаған ауылдағы барлық 8 дүкен ішімдік сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz.
Ынталыда ашылған екі жаңа спорт кешені жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап отыр. Мұнда түрлі спорт секциялары тұрақты жұмыс істеп, ауыл жастарының белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Бұл игі бастамаға жергілікті полиция қызметкерлері мұрындық болған. Тәртіпті нығайту мақсатында олар ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, зиянды әдеттерден бас тарту, құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
