Түркістан облысының аумағында соңғы бір тәулікте коронавирус инфекциясының өсімі төмендеп, 0,8 пайызды құраған. Өңірде Covid-19 инфекциясын жұқтырған 2 497 жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сала мамандарының мәліметінше, қауіпті індет жұқтырғандардың 1 570 науқаста ауру симптомсыз өтуде. Ал, инфекциялық госпитальдерден 1 908 адам жазылып шыққан. 76 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясына сынама алынған.
Аймақтағы медициналық ұйымдардың инфекциялық және провизорлық бөлімдерінде 2 381 төсек-орын бар. Оған қосымша 619 резерв орын дайындалған.
Бүгінде жұқпалы аурулар бөлімдерінде 440 орынның 60 пайызға жуығы бос тұр. Жалпы өңірде қауіпті дертпен күреске 371 дәрігер, 796 орта және 545 кіші буын медицина қызметкері жұмылдырылған.