Түркістан облысында «Қазығұрт» шекара бекетінен аудандық полицияға хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен Сарыағаш АПБ-нің шұғыл тергеу тобы шетелдік азаматтың көлігінен «Нифи» атты қфызметтік иттің көмегімен жасырылған есірткі затын тапты. Қызметтік ит Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жатқан «Вольво» маркалы жүк көлігіне үріп, белгі берген, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тінту барысында жедел уәкілдер өзіне тән хош иісі бар 1 пакет есірткі затын тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі 26 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты.
«Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда», - делінген хабарламада.
Елбасының 2000 жылғы 16 мамырдағы No395 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітіліп, еліміздің бірқатар аймағында кинологиялық орталықтар өз жұмысын бастаған еді. Осы уақыттан бері ақылды иттердің көмегімен ашылған қылмыстар көп. Бұл қызметке олар 6 айынан бастап жаттықтырылса, 7 жасқа келгенде зейнетке шығарылады. Себебі, иттер қартайған сайын бойындағы қабілеттерінен айрылып, әлсірей бастайтын көрінеді. Ал бабы келісіп тұрған иттер 8-9 жыл қызметте болады. Олар да әскери адамдар сияқты мезгілімен дәрігерге қаралып, сәйкесінше тамақтанады. Бір айта кетерлігі, иттер де адамдар сияқты өзіндік мінезге ие. Арасында қуы да, ақымағы мен ақылдысы да болады. Ал меланхолик иттерге кинологиялық орталықта орын жоқ. Керісінше, холериктер мен сангвиниктер есірткі іздеуде ерекше қабілетті болса, оларды ізге түсу кезінде де пайдаланады. Ең қауіпті жұмыс флегматик иттерге тапсырылады. Жарылғыш заттар мен қаруды іздеуде олардан асып түсетін иттер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында «Қазығұрт» шекара бекетінен аудандық полицияға хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен Сарыағаш АПБ-нің шұғыл тергеу тобы шетелдік азаматтың көлігінен «Нифи» атты қфызметтік иттің көмегімен жасырылған есірткі затын тапты. Қызметтік ит Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жатқан «Вольво» маркалы жүк көлігіне үріп, белгі берген.