15 қаң, 2021 сағат 09:27

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған тұрғындар жауапқа тартылуда. Сарыағаш пен Қазығұрт аудандарында көкпар ұйымдастырғандар мен той өткізгендерге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерімен өткен жылы карантиндік талаптарды сақтамаудың 789 дерегі тіркеліп, СЭС-ке жолданған. Оның ішінде құқықбұзушылықтарын бірнеше рет қайталаған 4 жәйт анықталған. Атап айтқанда, аудан орталығындағы тойханалардың бірі карантин режимін және шектеу шараларын 2 рет бұзған. Ал, азық-түлік дүкенінің иесі карантин талаптарын бұзуды бірнеше рет қайталап, оған тиісті көлемде аййыппұл салынған. Көршілес Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлерінің де рейдтік іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның көкпар ұйымдастырғаны анықталды. 

«Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша тиісті іс-құжаттарды жинақтап, СЭС-ке жолдады», делінген хабарламада.