11 қар, 2021 сағат 14:22

Түркістан облысында электр энергиясының тапшылығы тіркелді


Түркістан облысының электр желілерінде ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап электр энергиясы мен қуатының тапшылығы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Себебі, «KEGOC» АҚ өндіруші қуаттардың тапшылығынан және 500 кВт-тық «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің артық жүктелуіне жол бермеу үшін мәжбүрлі түрде шектеген. Енді электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында келісімдер жүруде. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асхат Бердіханов мәлімдеді. 

«Аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігінде шешілуде. Жамбыл ГРЭС-ң генерациясын 800 МВт-қа дейін арттыру мақсатында қосымша энергия блоктарын іске қосу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, «Энергопоток» ЖШС ЖГРЭС-пен электр энергиясының қосымша көлемін жеткізу бойынша келісімдерге қол қойылды», - деді Асхат Ермекұлы.