08 шіл, 2021 сағат 11:42

Түркістан облысында ауыл әкімдігінен үміткер 230 азамат тіркелді


Қазіргі таңда Түркістан облысында 181 ауыл округі болса, биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауыл округінің 264 сайлау учаскесінде өткізілетін болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша,ағымдағы жылдың 25 шілдесінде алдымен 60 ауыл округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайтын болады. Бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркеліп үлгерді. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і өз-өзін ұсынған азаматтар.

Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.