24 қыр, 2024 сағат 17:28

Түркістан облысында әкім орынбасары қызметкерімен төбелесіп қалған

Фото: pexels.com

Cайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалған, деп Otyrar.kz

Басылым мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Төбелес неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны әзірге белгісіз. Дегенмен полиция департаменті бұл жайтты ресми түрде тіркеуге алған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етілмейді", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.