19 қар, 2021 сағат 20:13

Түркістан облысында ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылды


Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция бөліміне ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің – шақалақтың анасының жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.