#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Түркістан облысында адасып кеткен бойжеткен Қаскелеңнен табылды

  • 10.08.2020
  • 0
  • 116

Алматы облысының полицейлері Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен сырқат қызды Қаскелеңнен тауып, жақындарына табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көктемде Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы қыз Қарасай ауданының аумағынан табылып, аман-есен ата-анасына табысталды», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Полиция Қаскелең қаласының көшесінде жүріс-тұрысы күдік тудырған бойжеткенді байқаған. Оның аты-жөнін айта алмайтын науқас жан екені анықталып, аудандағы пансионаттардың біріне жеткізілген.

«Алғаш көргенде қатты шаршаған, эмоционалдық жағдайы нашар болғандықтан пансионатқа апардық. Іздеу базалары арқылы оның суретін таратып, тұрғылықты мекенжайын анықтауға тырыстық. Нәтиже болмады. Екі күннен кейін келіп, қайта-қайта аты-жөнін сұрау кезінде ол аты мен тегінің алғашқы әріптерін ғана айта алды»,- деді Қарасай ауданы Полиция басқармасы КПБ жедел уәкілі Айдос Садықов.

Жоғалған бойжеткеннің аты-жөнін болжам бойынша дерекқорынан тексерілді. Көктемде Түркістан облысында 1994 жылы туған әйел адамның із-түзсіз жоғалуына байланысты іздеу жарияланғаны анықталды. 

Қарасай ауданының полицейлері оңтүстіктегі әріптестеріне хабар беріп, ата-анасы қыздарын алып кеткен. 

Науқасына байланысты ауладан шығып кетіп, үйін таба алмай қалған перзентін тауып берген аудандық полицейлерге алғыс айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар