Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 қазан күні Түркістан қаласында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жол апаты орнына бірден тәртіп сақшылары шықты.
Полицейлердің анықтауынша Түркістан қаласы Отырар мөлтекауданы мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолында «Камаз» маркалы жүк көлігі мен «Toyota-camry», «RAVON» «Daewoo Nexia» маркалы көліктері соқтығысып, апат болған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылған.
Аталған жайт бойынша «Камаз» маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ. Сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бүгінде тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.