ҚР СІМ мен «Қазақ туризмі» Ұлттық компаниясы» қызметтерін үйлестіреді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің туристік саласын дамытуды қамтитын экономикалық дипломатияны ілгерілетуді жалғастыруда.
Аталған бағыттағы жұмыс шеңберінде 2017 жылғы 13 қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Қазақ туризмі» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарға сәйкес туристік кластерлерді құрудағы табысты тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторларды тарту бойынша туризм индустриясының одан әрі дамуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Мемлекет басшысының «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру маңыздылығын атап өтті.
Эко және этнотуризмді дамыту, шетелдік азаматтар үшін либералды визалық режим жасау, еліміздің инвестициялық қызметін және туристік әлеуетін жүзеге асыру мен шет елдерге туристік мақсатпен баратын ҚР азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған жағымды визалық саясатты құру бойынша шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды. Арнаулы елдерде этностық және «аңсау» туризмін дамыту үшін жергілікті диаспора мен бұрынғы отандастармен байланыстарды орнықтыру маңыздылығы айтылды.
Тараптар шет елдерде ұсынылатын туристік әлеует бойынша жобаларды бірлесе дайындауға, шетелдік тілшілер мен блогерлерді қамтитын баспасөз-турларын ұйымдастыруға уағдаласылды.
Кездесу барысында БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымымен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды елдер бойынша нақты күн тәртібін пысықтауға, сондай-ақ әлемнің ең ірі операторлардың туристік пакеттеріне қазақстандық өнімдерді қосу мүмкіндігін зерделеуге келісті.