03 қаз, 2016 сағат 06:56

Түрік полициясы Фетхуллах Гюленнің ағасын қамауға алды

Түркияда оппозициялық діни қайраткер Фетхулла Гүленнің бауыры Кутбеттин Гүлен ұсталған. Шілде айында елде қарулы төңкеріс жасауға әрекетті қазір АҚШ-та тұрып жатқан Фетхулла Гүлен ұйымдастырған деп санайтын түрік билігі оның туысына да бүлікке қатысы бар деген айып тағып отыр. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Анкара Вашингтоннан Фетхулла Гүленді экстрадициялауды бірнеше рет сұраған. Шілдедегі бүлік әрекетіне қатысы барын жоққа шығарған Гүлен егер кінәлі екенін тәуелсіз сот дәлелдейтін болса Отанына өз еркімен оралуға уәде еткен.

Түркияда шілденің 16-сына қараған түні әскери төңкеріс жасамақ болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырап, билік бүлікшілерді басып тастаған. Путч барысында 240-тан астам адам мерт болған. Бүлікті тергеу аясында Түркияда ондаған мың адам ұсталған.