Фото: ашық дереккөз
Алматы облысы, Қаскелең қаласында тұрғын үй кешендерінің құрылысына байланысты аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Ult.kz.
2021-2023 жылдары «Tоредо» ЖШС басшылары құрылыс лицензиясы мен қажетті құжаттарсыз жұмыс істеген. Олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін белсенді түрде жарнамалап, 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған.
Құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, уәде етілген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің құқық қорғау органдарына жаппай шағымдануына себеп болды.
Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды:
-
12 жер телімі
-
9 автокөлік
-
Аяқталмаған үш қабатты ғимарат
-
Жеке тұрғын үй
Күдіктілер қамауға алынды. Іс қазір соттың қарауында.