ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өнертану ғылымының кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Патриоттық сезіммен өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру әр адамның парызы. Сайлауға келу керек, дауыс беру керек. Мен елімді жақсы көрем. Мен мемлекетшіл адаммын. Отанымды, қазағымды жақсы көрем.Тілімді жақсы көрем. Ділім бұзылмасын деймін. Дінгеде мойынсынамын. Дін – ол идеология. Мен өнер - адамымын. Өнер де - идеология»- дейді Тұғышбай әл-Тарази.
Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

