"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, Солтүстік-Батыс циклон елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі.
"Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклон әсерінен және оның шығыс бағытқа ығысуына байланысты ауа температурасы аздап төмендейді деп болжанады", - делінген хабарламада.
Мегаполистердегі ауа райы
Елордада 11 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде -1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 12 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде -2°C, күндіз +2°C болады. 13 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде -4°C, күндіз -1°C суық.
Алматыда 11 қарашада күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы болады. 12 қарашада түнде +2°C, күндіз +12°C жылы. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +4°C, күндіз +10°C жылы.
Шымкентте 11-12 қарашада күн ашық, күндіз +14°C жылы, түнже +1...+3°C. 13 қарашада күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +9°C жылы болады.