19 шіл, 2021 сағат 21:30

Цой қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда локдаун қандай жағдайда енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Егер жағдай төсек-орындарды толтыру деңгейінің 70 пайызына жетсе және бұл ретте жаңа ауруханаларды ашуға қосымша мүмкіндік болмаса, жүйеге шамадан тыс жүктеме түседі, Денсаулық сақтау жүйесінің коллапсы болады. Біз нақты өңір бойынша локдаунға дейін қатаң шаралар қабылдаймыз", - деді Цой "Хабар 24"телеарнасына тікелей эфирде.