Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Saqbol қосымшасын жасап шығарды. Сол арқылы коронавируспен ауыратын науқас өзінің жақын жерде екенін басқа адамдарға хабарлай алады. Осылайша, инфекцияның берілу, таралуы азаяды деп жоспарланып отыр, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қосымша инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын дер кезінде оқшаулау мақсатында жасалды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Saqbol қосымшасын жасап шығаруға денсаулық сақтау министрлігі де қатысқаны да хабарланды.
#Қосымша қалай жұмыс істейді?
Saqbol қосымшасында хабарлама функциясы бар. Сол арқылы науқас өзінің жақын маңда екенін айта алады. Сонымен қатар коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен адаммен кейінгі 14 тәулікте екі метрден аз арақашықтықта болған адамды табуға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, Saqbol қосымшасын IOS және Android платформасында жүктеуге болады. Оның ішінде адамның жеке деректері құпия түрде сақталады. Демек, келесі адамға хабарлама келсе, оның кімнен инфекция жұқтыруы мүмкін екені хабарланбайды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барлық қазақстандықты осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға шақырды.
«Соның арқасында індет ошақтарын барынша оқшаулап, коронавирустың таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректерді қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық», - деді Мусин.
Сонымен қатар қосымша сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған.
Қосымшаны пайдалану үшін ешқандай тіркеуден өтпейді. Сондай-ақ, бағдарламада жеке деректер, мекенжай көрсетілмейді. Хабарландыру функциясы іске қосылған болса, ол автоматты түрде хабар береді.
#Шетелден келгендер қалай бақыланады?
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шетелден елге келушілерді бақылау үшін Жаңа Zertteu қосымшасын әзірледі.
Цифрлық даму басшысы Бағдат Мусин Zertteu қосымшасының эпидемиологиялық тергеу жүргізуге көмектесетінін айтты.
"Бүгін елге келген адам қағазды қолмен толтырады. Содан кейін бұл ақпарат орталық бақылау органына берілуі керек, бұл орган дерекқорға кіре бастайды. Бұл уақытты қажет етеді және белгілі бір проблемаларды тудырады. Мұны автоматтандыру үшін біз арнайы мобильді қосымша жасадық, оны кірушілерге телефонға орнатып, тиісті сауалнамалық деректерді электрондық форматта бере алуы үшін ұсынатын боламыз", - деді министр.
Сонымен қатар Бағдат Мусин қазір денсаулық сақтау министрлігінің базасы ПТР тапсыратын зертханалардың автоматтандырылғанын айтты.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Saqbol қосымшасын жасап шығарды. Сол арқылы коронавируспен ауыратын науқас өзінің жақын жерде екенін басқа адамдарға хабарлай алады. Осылайша, инфекцияның берілу, таралуы азаяды деп жоспарланып отыр. Saqbol қосымшасын IOS және Android платформасында жүктеуге болады. Оның ішінде адамның жеке деректері құпия түрде сақталады. Демек, келесі адамға хабарлама келсе, оның кімнен инфекция жұқтыруы мүмкін екені хабарланбайды.