«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін egov.kz бұрышы ашылды. Бұдан былай, Атакент ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алатын болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Дәл осы уақытта «Галерея» сауда ойын-сауық орталығында электрондық үкіметтің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған болатын.
Енді Атакент ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады. «Галерея» СОК-та өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған екі бұрыш коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын барынша азайту мақсатында жұмыс істеп бастады. Аталған екі бұрыштың екінші қабаты Алматы қаласының барлық тұрғындары үшін болса, бірінші қабатын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс істеп отыр.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті жоюға бағытталған. Бұрыштар азаматтардың ХҚО ғимараттарында шоғырлануын болдырмайды және коронавирустың таралу қаупін азайтады. Мұнда компьютері немесе интернеті жоқ азаматтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Айта кетейік, аталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына ХҚО мамандары бекітілген. Олар азаматтарға электрондық үкімет порталында және Telegram мобильді қосымшасында жұмыс істеу бойынша ақпараттар береді.
«Бір Алматының өзінде қаншама мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың қатарында өзім де болғандықтан, біз үшін қажетті құжаттарымызды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу қиынға соғып жатады. Дегенмен, бүгінгі таңда қоғам біз сияқты азаматтарды да қалыпты жағдайда қабылдап, ел ішінде емін-еркін жүре алатын жағдайға жеттік. Бүгін қаланың қақ ортасында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде біз үшін арнайы бұрыш жұмыс істей бастағанына куә болып отырмыз. Сондықтан біз бұл жаңалықты қуана қабылдадық», - деді Алматы қаласының тұрғыны Төрехан Шалов.
Айта кетейік, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет" МК филиалы мен бірлесіп ашылды.
Бұрыштың ашылуына egov.kz «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев, ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұржан Өзбеханов, бас маманы Мақсат Жаңбыршиев, ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ведомства аралық жұмыс тобының мүшелері – «Подранки – Шарасыздар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Тобатаева, «Кең пейіл» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Мегай, «Экспо-Дизайн» ЖШС өкілдері және басқа да қоғамдық ұйымдар мен фронт-офистер басшылары қатысты.
Сонымен, қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін алты жүзге жуық, Алматы қаласында 15-ке жуық egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін egov.kz бұрышы ашылды. Бұдан былай, Атакент ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алатын болды. Дәл осы уақытта «Галерея» сауда ойын-сауық орталығында электрондық үкіметтің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған болатын. «Галерея» СОК-та өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған екі бұрыш коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын барынша азайту мақсатында жұмыс істеп бастады. Аталған екі бұрыштың екінші қабаты Алматы қаласының барлық тұрғындары үшін болса, бірінші қабатын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс істеп отыр.