27 қаң, 2017 сағат 15:46

Трамп Ресейден санкцияны алып тастау жайлы жарлық әзірледі

- Atlantic Council сараптамалық орталығының қызметкері Фабрис Потье Twitter-дегі парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейден санкцияны алу туралы құжатқа қол қоюға дайын екендігін жазды, деп хабарлады rambler.ru.

«Трамптың әкімшілігі Ресейге қатысты санкцияны алу туралы президенттің бұйрығын дайындады, деп мәлім етті дереккөздер. Президенттің Меркельмен және Путинмен сөйлесуі сенбіге белгіленген», - деп жазды Потье.  

Сондай-ақ, Politico басылымының қызметкері Сьюзен Глассер өзінің Twitter-дегі парақшасына Трамптың санкцияны біржақты ретпен алып тастайтындығын жазған. 

ҚазАқпарат