Фото: Kevin Lamarque, Reuters
Кеше кешке (12 ақпан) Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ult.kz.
«Біз Украина, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллардың күші және басқа да тақырыптарды талқыладық», — деп жазды Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында.
Соңынан ол Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында Украинаға қатысты Путинмен кездесуін Сауд Арабиясында өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Украинаға НАТО-ға мүше болу мақсатқа сай емес екенін және Киевтің Ресей басып алған барлық жерлерін қайтаруы екіталай екенін атап өтті.