АҚШ президенті Дональд Трамп әлем бойынша өзіне қарсы наразылыққа шыққан жүздеген мың адамның, соның ішінде Вашингтондағы "Әйелдер шеруіне" қатысушылардың "құқықтарын мойындайтынын" мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" centralasian.org агенттігіне сілтеме жасап.
"Бейбіт шерулер - біздің демократияның айрықша сипаты. Мен онымен келіспеген күннің өзінде, адамдардың өз көзқарасын жеткізу құқығын мойындаймын", - деп мәлімдеді Трамп. Мәлімдеме 22 қаңтарда мемлекет басшысының твиттерінде жарияланған.
Бұдан бірнеше сағат бұрын ол твиттер арқылы мысқылдаған еді: "Кеше наразылық шерулерін көрдім, бірақ сайлау енді ғана өткендей сезімде қалып отырмын. Бұл адамдар неге сайлауға қатыспаған? Танымал адамдар ісімізге қатты кедергі келтіріп отыр ма!?".
Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде ант қабылдаған соң, Құрама Штаттарда 1 миллионнан астам адам наразылық шерулеріне шықты. Трамп әкімшілігі бұған қатысты алғашқы пікірін твиттер арқылы білдірді.
Вашингтондағы әйелдер шеруіне адам көп жиналған. Әйелдер шеруі Капитолий ғимараты алдында өтті.