АҚШ президенті Дональд Трамп конггресте сөйлеп тұр. Вашингтон, 28 ақпан 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен әлемде террористік шабуылдар күшейгенін айтып, жаңа қатаң иммиграциялық шаралар қабылдауға уәде берді.
Сонымен қатар Трамп АҚШ конгресінде жасаған үндеуінде АҚШ "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте одақтастарымен бірге жұмыс істейтінін де айтты. Ол ИМ-ді "мұсылмандар мен христиандарды, барлық діндегі адамдарды, әйелдер мен балаларды айуандықпен өлтіретін тағылардың ұйымы" деп атады.
"Біз бұл қорқауларды жер бетінен жойып жіберу үшін одақтастарымызбен, оның ішінде мұсылман әлеміндегі серіктерімізбен бірігіп әрекет етеміз" деді Трамп.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп 20 қаңтарда қызметіне кіріскеннен бері тұңғыш рет ресми сөз сөйледі. Ол өз сөзін таяуда ғана еврей қауымдастығына қарсы жасалған қоқан-лоққы мен вандализмді және Канзас штатындағы Үндістаннан келген екі иммигранттың атысын айыптаудан бастады.
Трамп сонымен бірге АҚШ-тағы көпірлердің, әуежайлар мен басқа да инфрақұрылымдық нысандардың қайта салынатынын айтты.
Дональд Трамптың АҚШ конгресінде сөйлеген сөзі: