23 сәу, 2022 сағат 15:19

Тоқаевтың тапсырмасын орындай алмаған вице-министр қызметінен босатылды


Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмалары уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», - делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Айта кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған "Күре жолдағы күрсініс" атты мақалаға назар аударып, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар проблемасын тез арада шешуді тапсырған болатын.

Президент Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма бергенін және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын еске салды.

Ертесінде үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.