Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.
2003-2016 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы.
2018-2020 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылдың қарашасынан бері Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы қызметін атқарып келді.