29 нау, 2022 сағат 18:55

Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді


Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа премьер-министр, Парламент Мәжілісінің төрағасы, мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.


Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру жоспарын бекіткені хабарланған болатын.