Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.