23 шіл, 2022 сағат 16:25

Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.