20 сәу, 2022 сағат 19:05

Тоқаев толық емес жұмыс күні істейтін адамдардың құқығын қорғайтын заңға қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс туралы конвенцияға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, конвенция 1994 жылғы 24 маусымда Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясында қабылданған.