Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.