20 там, 2022 сағат 00:23

Тоқаев Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығына барды


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей Президентінің бастамасымен құрылған «Сириус» білім беру орталығында болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты.

«Сириустың» қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған.